ТҮРКІСТАН: Түлкібастық азамат жерлестерін 20 млн.теңгеге алдап кеткен

0
758

Бұл іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелген.


ТҮРКІСТАН: Түлкібастық азамат жерлестерін 20 млн.теңгеге алдап кеткен

Түркістан облысының полицейлері сенім білдірген азаматтарды 20 млн. теңгеден астам сомаға алдаған жас жігітке қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ағымдағы жылдың маусым айында Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арыздананады. Ол өз арызында 2 жыл бұрын ауыл тұрғыны Түлкібас ауданының қымбат шетел көлігін сатып алуға уәде беріп, алдау жолымен одан 1 300 000 теңгесін алып, бой тасалағанын көрсетеді. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша полиция бөлімінің СДТБТ-ға тіркейді. Осындай арыздармен полицияға ауданның тағы да 4 тұрғыны жүгінеді.

Осылайша, арыздарды тіркеген полицейлер алаяқты ұстау ісіне кіріседі. Түлкібас АПБ-нің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде Түлкібас ауылының көшелерінің бірінде күдікті ретінде жас жігітті құрықтайды. Ұсталған азаматтың жұмыссыз жас жергілікті тұрғын екендігі белгілі болады. Жедел шараларды атқарған полиция қызметкерлері қылмыстық істі толығымен ашып, кінәліні құрықтау үшін үш ай бойы іс-шараларды жоғары деңгейде атқарған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Түлкібас АПБ-нің тергеушісі күдіктінің 2017-2018 жылдар аралығында алаяқтық сипаттағы қылмыстарды жасап, өзінің ағасынан астанадан арзан бағада көлік алып беремін, сонымен қатар өзге де жәбірленушілерден жер мен үй алып беремін деген жалған оймен ақшаларын алған іс-әрекеттерін толық дәлелдеді. Осылайша, алаяқтық жолмен ол азаматтардан жинақталған ақшаны алған, ал кейбіреулері тіпті несие алуға мәжбүр болған. Жалпы алғанда, жас алаяқ жерлестерін 20 000 000 теңгеден астам сомаға алдап кеткен. Қазіргі уақытта күдікті қамауда.