​ТҮРКІСТАН: Түлкібастықтар өз үздіктерін таңдады

0
1 493

Аудан аумағыннан құрылған 15 сайлау учаскесіне 96 үміткер қатысуда.


​ТҮРКІСТАН: Түлкібастықтар өз үздіктерін таңдады

Бүгін Түлкібас ауданында «Nur Otan» партиясының кадрлық резервіне үміткерлердің сайлауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында партиялық кадрлық резервіне үміткерлерге дауыс беру пилоттық жобасы жүзеге асырылуда.
Елбасы, партия төрағасы Н.Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты бағдарламасына сәйкес, қолға алынған бастамаға түлкібастықтар үлкен қызығушылық танытты.
Аудан аумағыннан құрылған 15 сайлау учаскесіне бүгінде 96 үміткер қатысуда. Олар елдегі мәселелерге атсалысып, жергілікті деңгейдегі сайлауларға қатыса алатын болады. Яғни, болашақ депутаттар мен көшбасшылар қарапайым елдің арасынан демократиялық жолмен таңдалады. Сайлауға 23 бастауыш партия ұйымының 6008 мүшесі мен "Jas Otan" жастар қанатының мыңнан астам мүшесі дауыс беруде.
"Бұл Елбасы тапсырмасына сәйкес, партиялық кадрлық резервін дайындау бастамасы болатын. Осыған сәйкес еліміздің әрбір облысында жүзеге асуда. Бүгін, міне, дауыс берудің негізгі кезеңіне келіп жеттік. Мұндағы ойымыз халықтың ортасынан шынайы көшбасшыларды табу, партия қатарына тарта отырып елдің ортақ мәселелерін көтеру және шешу болып табылады. Бұл жобада қарапайым тұрғындарға, көпбалалы аналарға, әйелдер қауымына басымдық беріп отырмыз. Қазіргі уақытта ұсынылған азаматтардың 40-ы осы азаматтардан құралып отыр", - дейді "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев

Сондай-ақ, келесі депутаттық сайлау өткен кезде ең жоғарғы балл алған азаматтар депутаттыққа ұсынылатындығы белгілі болды.
"Өзім жастардың арасынан түсіп тұрмын, 96 үміткерлердің арасында ең жас үміткерлердің бірімін. Қазір де ауданымызда жастарға жағдайлар жасалуда. Ауданымыздың белсенді жастардың басын қосатын жастар сарайын болуы туралы мәселелерді көтердім. Қазіргі сайлау ашық әрі әділ өтуде",- Ислам Жолбасханов үміткер.