ТҮРКІСТАН: Тұрғындар әділетті Қазақстанды құруға атсалысады

0
616

Еңбек адамдарының мәртебесі мен табысы артады.


ТҮРКІСТАН: Тұрғындар әділетті Қазақстанды құруға атсалысады

Түркістан облыстық қоғамдық штабының мүшелері сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі штаб мүшелері М.Шылмырзаев пен А.Қайназаров Жетісайдағы Қазыбек би ауылдық округінде сайлаушылармен кездесті.


Кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен кеңінен таныстырған сенімді өкілдер жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, шетелдіктерге жердің сатылуына жол берілмейтіндігі, мемлекет басшысының қазақ тілінде білім беретін мектептер мен балабақшаларды көбейтуге, мемлекеттік тілдің қоғам өмірінің бар саласында қолданылуын кеңейтуге ықпал етіп, дәстүрлі мәдениет пен ұлттық спорт түрлеріне қолдау көрсетуді жалғастыра беруге мүдделі екендігін жеткізді. Сонымен қатар, балалар мен студенттердің сапалы білім алуына жағдай жасалатынын айтып, жастар саясатына ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.


Сондай-ақ, кандидат сенім білдірген өкілдер Н.Отаров пен Ш.Жарылқасымов Сарыағаш ауданындағы М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта мектебінің ұжымымен жүздесті. Штаб мүшелері алдағы жылдары оқушыларды мектеппен қамту мәселесі түбегейлі шешіліп, мұғалімдердің кедергісіз жұмыс істеуі назарда болатынын айтты. Сонымен бірге, еңбек адамдарының мәртебесі мен табысы артатынын жеткізді.


Одан бөлек, қоғамдық штаб мүшелері мен сенімді өкілдер – А.Қабылбеков, Ә.Байназар, Б.Батаев, Б.Айтбаев пен Г.Ирискельдиев Сайрам ауданындағы Ақбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесіп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын толыққанды түсіндірді.


Жиында сөз алған Ә.Байназар Қасым-Жомарт Кемелұлының «Мемлекеттің азаматтарға жұмсайтын барлық күш-жігері және қаржысы тұрақты әлеуметтік дамуға, экономиканы өркендетуге негіз болады», - деген сөздерін айта келе, «Берекелі ауыл» жобасының ауыл халқына тиімді тұстарын атап өтті.


Өз кезегінде жиынға қатысқан азаматтар алдағы сайлауда азаматтық ұстанымдарын танытып, ел тағдыры үшін маңызды кезеңге белсене қатысатындықтарын жеткізді.