ТҮРКІСТАН: Тұрғындардан 2 млн теңгеден астам ақша алған алаяқ ұсталды

0
615

5-тен астам осындай жайтқа қатыстылығы анықталды.


ТҮРКІСТАН: Тұрғындардан 2 млн теңгеден астам ақша алған алаяқ ұсталды

Түркістан облысының полицейлері бірнеше тұрғыннан алаяқтық жолмен 2 миллион теңгеден астам ақша алған күдікті әйелді ұстады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Отырар АПБ-ға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғандығы туралы арызданып, сырттай танысы банктердің бірінен ірі көлемде несие шығарып беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 720 000 теңгеден астам ақшасын заңсыз иемденіп кеткенін айтқан. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Күдіктіні анықтау мақсатында Отырар АПБ-ның тергеу бөлімшесінің қызметкерлері қажетті іс-шараларды жүргізіп, нәтижесінде қылмысқа қатысты күдіктіні тұрғылықты мекен-жайынан ұстады. Қазіргі таңда күдікті жас әйел қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар күдіктінің тағы да 5-тен астам осындай жайтқа қатыстылығы анықталды. Тәртіп сақшылары күдікті азаматшаның жәбірленушілердің әрқайсысынан 225 мың теңге мен 720 мың теңге аралығында алаяқтық жолмен ақша алып жүргенін ашты. Оларға келтірілген жалпы шығын көлемі 2 миллион теңгеден асты. Қазіргі таңда күдікті азаматшаның бұдан басқа да жайттарға қатыстылығы анықталуда.