ТҮРКІСТАН: ​Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Арыс қаласына келді

0
1 936

Жарылыс салдарынан айтарлықтай зардап шекккен мектеп, аурухана, вокзал және кәсіпкерлік нысанның құрылыс жұмыстарын көріп, аралап шықты.


ТҮРКІСТАН: ​Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Арыс қаласына келді

Бүгін Арыс қаласының тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапары барысында Арыс қаласындағы "Bek Mus" ресторанының жағдайымен танысты. Аталған кәсіпкерлік нысан Арыста орын алған жарылыс кезінде зақымданған болатын. Бүгінде кәсіпкерлік нысан қалпына келтіріліп, өз жұмысына кірісіп отыр.

"Арыстағы жарылыстан кейін нысана қирап қалды. Міне бүгін екінші апта болды қайта жұмыс істеп жатырмыз. Мемлекет басшысына, Қазақстан ел жұртына рахмет! Сондай-ақ" Атамекен" ұлттық кәсіпкерлік палатасының қолдауымен "Менің Атамекенім" кәсіпкерлер қорына да алығысымыз шексіз",- дейді жеке кәсіпкер Муслима Рахимжанова.
Қала аумағындағы құрылыс жұмыстарымен танысу кезінде ҚР Премьер-Министр Асқар Мамин қалалық Иван Журба атындағы мектептің, сондай-ақ жаңадан бой көтерген мектеп жанынан салынып жатқан мектеп стадионының құрылыс жұмысын да өз көзімен көрді.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы Арыс аудандық орталық ауруханасына да бас сұқты. Аталған нысан бүгінде толықтай жөндеуден өтіп отыр.
Аурухана бүгінде 200 адамды қабылдауға дайын, барлық медициналық құрал-жабдықтар заманауи технологиялармен қамтамасыз етілген. Ауруханада "цифрландыру" бағдарламасы аясында келушілерге барлық жағдай қарастырылған.

Іссапар аясында Асқар Мамин тоғыз жолдың торабы қаланың тарихи нысандарының бірі 1904 жылы іске қосылған теміржол вокзалына барды. Аталмыш оқиғадан соң теміржол вокзалына едәуір зақым келген. Бүгінгі таңда аталған нысанда қарқынды құрылыс жұмыстарының қызу жүріп жатқандығына көз жеткізді.