ТҮРКІСТАН: Ұрланған "Land Cruiser 200" автокөлігі Ресей азаматына қайтарылды

0
1 092

ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша СДТБТ-ға тіркеуге алынды.


ТҮРКІСТАН: Ұрланған

Түркістан облысы ПД-нің криминалдық полиция қызметкерлері Ресей азаматына ұрланған қымбат автокөлігін қайтарып берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сарыағаш АПБ-не Ресей жүргізушісі арызданып, Жібек жолы елді-мекенідегі автотұрағынан белгісіз азаматтардың оның құны 20 миллион теңгеден асатын "Тойота Ланд Крузер 200" маркалы автокөлігін ұрлап кеткенін көрсеткен. Аталған жайт Сарыағаш АПБ-не ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша СДТБТ-ға тіркеуге алынды.

Қылмысты ашу мақсатында Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция және Тергеу басқармасының тәжірибелі қызметкерлері қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды. Полиция қызметкерлері қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді, оның ішінде қылмыс орнын тексеріп, куәгерлер арасында сұрақ-жауап жүргізді.

Іске асырылған шаралар нәтижесінде, жедел уәкілдер автокөлікті айдап кеткен күдіктілердің ізіне түсті. Олар Шымкент қаласынан ұсталды. Күдіктілер ағайынды және мегаполис тұрғындары болып шықты. Сондай-ақ, Түркістан облысының полиция қызметкерлерімен жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында, Қарағанды қаласында ұрланған затты сатып алушы қолға түсті.

Қазіргі таңда күдіктілер қамауда. Сотқа дейінгі тергеу барысында жедел уәкілдер 5 айда әкетілген қымбат тұратын автокөлікті тапты. Ұрланған автокөліктердің арасында РФ Липецк қаласының тұрғыны Александр Негробованың «Джип» маркалы көлігіде болды. Белгілі болғандай, оның Липецкідегі шетел көлігін белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Бұл туралы ол қалалық полицияға мәлімдеді. Екі ай өткен соң оған оның көлігін Қазақстанда Түркістан полицейлері тапқаны туралы қоңырау келіп түсті. Бүгін Александр Түркістанға келді. Қажетті іс-шаралардан кейін ер адам өз меншігін алады.

Өз кезегінде, ресейлік азамат Түркістан облысы тәртіп сақшыларының жұмысы мен қызметіне табыс тіледі және тағы да криминалдық полиция қызметкерлеріне ұрланған көлігінің қайтарылғаны үшін алғысын білдірді.