100 мыңнан астам адамнан сынама алынған.
Түркістан облысында 100 мыңанан астам адамнан вирусқа қатысты сынама алынған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгінгі күнге дейін Түркістан облысында 100 136 адам коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы бойынша тексеруден өткізілген. Жалпы, өңір бойынша полимеразды тізбекті реакциясы әдісімен 7 зертхана жұмыс істеп келе жатыр. Ол зертханаларда Сovid-19 вирусын анықтау үшін әр тәулігіне 500-дей азаматтан сынама алынып жатыр.
Сонымен қатар, қосымша Арыс, Сарыағаш, Қазығұрт, Төлеби, Жетісай, Ордабасы аудандарындағы 6 зертханада ПТР құрылғылары орнатылып, талдама жасалына бастаған.
Жалпы, Түркістан облысында эпидемиологиялық ахуал бақылауда. Соңғы мәліметтер бойынша, бір күндік өсім 0,7 пайызды құрады. Яғни, жағдай тұрақталып, коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бәсеңдеген. COVID-19 вирусын жұқтырған азаматтардың саны 2835 құраса, оның ішінде 2 282 емделуші, не, 80,5% жазылып шықты.
Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысының әр аймағында инфекция жұқтыру жағдайы тіркеліп, эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келе жатыр. Сонымен қатар, облыс кәсіпкердері мен азаматтары қолжан келгенше аурухана мен науқастарға қолдау білдіріп, игі істер ұйымдастыруды жалғастырып жатыр.