ТҮРКІСТАН: Жасөспірімдер кіші футбол ойынында күш сынасты

0
701

15 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.


ТҮРКІСТАН: Жасөспірімдер кіші футбол ойынында күш сынасты

Төлебиде жасөспірімдер арасында кіші футболдан аудан біріншілігі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Төлеби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Ленгір қаласының орталық «Жастық» стадионында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Спорт–есірткіге қарсы» ұранымен 2012-2013 және 2002-2005 жылы туған жасөспірім спортшылар арасында кіші футболдан аудан біріншілігі өтті. Жарысты аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы Телғараевтың өзі келіп, салтанатты түрде ашып берді.

Аудан басшысы турнирге қатысушы спортшыларды мерекемен құттықтап, жарыстың негізгі мақсаты жастар арасында дене шынықтыру мен сауықтыру жұмыстарын енгізу және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттап, зиянды жат әрекеттерге қарсы үгіттеу болып табылатындығын айтып өтті.

Аталған сайысқа аудан көлеміндегі қала, ауылдық округтерден 15 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Тартысты әрі қызықты өткен дүбірлі додада 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында І орынды Ленгір қаласы командасы жеңіп алса, Киелітас ауылдық округінің спортшылары ІІ орынға тұрақтады. Ал, Бірінші Мамыр ауылдық округінің құрамасы ІІІ орынды иеленді.

2002-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында І орынды Бірінші Мамар ауылдық округі командасы, ІІ орынды Көксәйек ауылдық округі командасы, ІІІ орынды Көксайек ауылдық округінің Көксәйек негізгі орта мектебі командасы иеленді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері тиісті дәрежелі дипломдармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.