ТҮРКІСТАН: Жасөспірімдер, жүкті және емізулі аналарға вакцина салынып жатыр

0
627

Олардың саны 9 мыңнан асқан.


ТҮРКІСТАН: Жасөспірімдер, жүкті және емізулі аналарға вакцина салынып жатыр

Түркістан облысында «COVID-19» індетін жұтыру бойынша 15 606 жағдай тіркелсе, жазылып шыққандар саны 15 317-ні құраған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Түркістан облысында пандемия басталғаннан бері «COVID-19» індетін жұтыру бойынша 15 606 жағдай тіркелсе, жазылып шыққандар саны 15 317-ні құраған. Бүгінде облыс бойынша 14 ПТР зертханаларының бар болса, оның ішінде мемлекеттік ПТР зертханаларының саны 10-ға жетіп отыр. Аталған зертханаларда лабораториялық зерттеулер бойынша өткен тәулікте 827 адам тексерілген. Жалпы, 1 131 865 адам сынама тапсырған. Нәтижесінде соңғы тәулікте 3 адамнан КВИ анықталған.


Қазіргі таңда облыс бойынша 930 инфекциялық, 300 карантиндік және 92 реанимациялық төсек-орын ұйымдастырылған. Бүгінде Түркістан облысы КВИ аурушаңдығының көрсеткіші бойынша ҚР бойынша жасыл аймақта тұр.


Сондай-ақ, Түркістан облысына ақпан айынан бастап жалпы 1 031 870 доза вакцина жеткізілсе, бүгінгі күнге дейін 1 021 660 адам екпенің бірінші компонентін салдырған. Бұл мәлеметтерді өңірлік коммуникация қызметінде баспасөз жиынына қатысқан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов айтып берді.


«Түркістан облысында PFIZER компаниясының «Комирнати» вакцинасымен вакцинациялау осы жылдың 15 қарашасынан бастап 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге, 16-36 апта мерзімдегі жүкті әйелдерге және лактация кезеңіндегі аналарға (босанғаннан кейін 42 күн өткен) коронавирусқа қарсы «Комирнати» вакцинасы егілуде. Түркістан облыстық вакцина сақтау қоймасына 11.11.2021 ж. күні29250 доза және 18.11.2021 ж. күні 17550 дозасы жеткізілді.Профилактикалық екпе азаматтардың өз келісімімен ғана жүргізілуде. Жасөспірімдерді вакцинациялау – тек ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен жүзеге асуда. Бүгінгі күнге жалпы қамтылғаны - 9098. Оның ішінде жасөспірімдер-7005, жүкті әйелдер -1424 және емізулі әйелдер-669», - деді басқарма басшысы.