ТҮРКІСТАН: Жерлестерінен 170 млн теңге жымқырған жігіт қамалды

0
632

Ақшаны қажеттілігіне жаратып жіберген.


ТҮРКІСТАН: Жерлестерінен 170 млн теңге жымқырған жігіт қамалды

Түркістан облысы полицейлері 170 миллион теңгенің алаяқтығын ашты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Сайрам АПБ-ның полицейлері тұрғындарды асыл тұқымды жылқы-сиырлар әкеліп беремін деп алдаған алаяқты ұстады. Күдікті жерлестерінің сеніміне кіріп, алдау жолымен жәбірленушілерден 150 миллион теңгеден астам ірі көлемде ақшаларын жымқырған.

Нақтырақ айтсақ, ағымдағы жылдың тамыз айының басында АПБ-на 5 жергілікті тұрғын арызданып келеді. Жәбір көрушінің бірі 2019 жылдың ақпан айымен 2020 жылдың шілде айлары аралығында сырттай танысы Қостанайдан асыл тұқымды сиырлар әкеліп беремін деген сылтаумен 77 миллион теңгесін алаяқтықпен алдап алғандығы туралы шағымданған. Ал келесі жәбірленуші болса, күдікті тұлға Солтүстік Қазақстаннан жылқылар алып келіп беремін деп, 2,4 миллион теңгесін жымқырып, уәдесін орындамай кеткендігін хабарлады. Үшінші жәбірленушіден 10 миллион теңге алса, енді бірінен 200 бас жылқы үшін 77 миллион, соңғысынан 8 миллион теңгеге жуық ақша алған. Осылайша күдікті жәбірленушілерге берген уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай уақыт созып жүріп алған. Аталған жайттар Сайрам аудандық полициясымен тіркеліп, яғни ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша енгізілді.

Сайрамдық полицейлер күдікті ұстау мақсатында жәбірленушілерден жауап алып, жедел-іздестіру шараларына кіріскен. Нәтижесінде күдікті ретінде жергілікті тұрғын, жас жігітті ұстайды.

Тергеп-тексеру барысында қолға түскен күдіктінің алаяқтықтың 5 жайтына қатыстылығы және жәбірленушілерге 170 миллион теңгеден астам шығын келтіргендігі айқындалды. Күдікті алған ақшаларды қажеттілігіне жаратып жіберген. Өз кінәсін толық мойындап отыр. Қазіргі таңда полицейлер күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда. Күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.