ТҮРКІСТАН: Жетісай ауданының 5 елді мекенінде ауызсу құбыры мүлде тартылмаған

0
2 327

​Жетісай ауданында ұзындығы 951 шақырым ауыз су құбырларының бүгінде 65 пайызының тозығы жеткен. Ауыстыруды қажет етеді.


ТҮРКІСТАН: Жетісай ауданының 5 елді мекенінде ауызсу құбыры мүлде тартылмаған

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы, Жетісай ауданындағы елдімекендердің тең жартысына жуығы таза ауызсуға қол жеткізе алмай отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жетісай аудандық тұрғын үй, коммуналды шаруашылық бөлімінің басшысы Мырзабек Әбішевтің мәліметіне сүйенсек, ауданға қарасты 113 елді мекеннің 101-і орталықтандырылған су құбырымен қамтылған. Өткен жылы Жетісай топтасқан су өткізгішіне қосылған Жылы су ауылдық округіне қарасты 5 елді мекенге 100 млн теңге, Ынтымақ ауылдық округіне қарасты бір елді мекенге 79,9 млн теңге қаражат қарастырылып жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Десек те, 51 елді мекеннің 10-ы «Мембрана», 41-і «Омега» құрылғылары арқылы ащы суды тұщы суға айналдырып әлі де тасып ішсе, 5 елді мекенде мүлде ауыз су құбыры жоқ. Олар ауыз суды ауыл шетінен емес көршілес елді мекендерден тасып ішуге мәжбүр.
Мұнан да басқа, аудан орталығы Жетісай қаласы тұрғындарының пайдаланып отырған ауыз суларының сапасы сын көтермейді.

«Су сапасының төмен болуы – кеңестік кезеңдерде салынған су құбырларының 65 пайызы шіріген. Әбден тозығы жеткен, акыстыруды қажет етеді. Міне, соның салдарынан судың сапасы төмен», дейді Жетісай аудандық тұрғын үй, коммуналды шаруашылық бөлімінің басшысы Мырзабек Әбішев.