ТҮРКІСТАН: Жетісайда 10 жасар бала каналдағы суға батып кетті

0
1 378

Құтқарушы-сүңгуірлер бес сағат ішінде судан баланың денесін тауып туыстарына табыстаған.


ТҮРКІСТАН:  Жетісайда 10 жасар бала каналдағы суға батып кетті

Жетісай қаласында 10 жасар бала суғармалы канал суына батып кетті деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

17 шілде күні сағат 14.30 кезінде бір топ бала "Достық" каналына шомылуға барған. Ересектердің қарауынсыз, суға түсуге тыйым салынған жерде достарымен шомылған 2010 жылы туған ұл бала каналдың суына батып кеткен. Туыстары баланы судан іздеп таппаған.

Түркістан облысы Жетісай қаласына суда іздестіру жұмыстарына Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару асағының құтқарушылары шақыртылып, олар 18 шілде күні сағат 07.10-де жасөспірімді судан іздеуге кіріскен. Өкінішке қарай, 10 жасар бала суға батып көз жұмғаны белгілі болды. Құтқарушы-сүңгуірлер бес сағат ішінде судан баланың денесін тауып туыстарына табыстаған.

"2010 жылы туған бала суға батып кеткен Жетісай қаласында орналасқан "Достық" каналының ені 40 м, тереңдігі 5м. Іздестіру-құтқару жұмыстарына жедел-құтқару жасақтың 6 құтқарушысы, 1 жүзу құралы, Жетісай аудандық полиция бөлімінің 2 қызметкері және туыстарынан 8 адам жұмылдырылды,"- деп мәлімдеді Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.