3 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады.
Жетісай ауданында ивестициялық жобаларды іске асыру мақсатында 50 гектар жер резервке алынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жетісай ауданының аумағында ивестициялық жобаларды іске асыру мақсатында Асықата кентінен 50 гектар жер учаскесі резервке алынып, сәулеттік жоспарлау тапсырмасы әзірленіп, бас жоспарға өзгерістер енгізіліп жатыр.
2022-2023 жылдары жалпы инвестиция көлемі 50,8 млрд теңгені құрайтын 7 жобаның іске асырылуы жоспарланған. Аталған кәсіпорындарда 3247 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі.
Атап өтсек, «Национальная логистическая система» ЖШС бастамасымен Асықата кентінің аумағынан «Көтерме тарату орталығы», «CITY DEVELOPMENT CO» ЖШС бастамасымен Жетісай қаласында «Жетісай плаза» сауда ойын-сауық орталығы, бір мезетте 600 адамға қызмет көрсетуге арналған аква парк, «Тұран Мақта» ЖШС «Қуаттылығы 10 мың тонна мақта шикізатын өңдеу зауыты», «Adal Agro Group» ЖШС «Сиыр етін өңдеу цехы», «Жүгеріні крахмал-сірне өніміне және лимон қышқылына өңдеу өндірісі», Қазақстан-Өзбекістан бірлескен кәсіпорын AGRO TEKS ALLIANCE «Тоқыма-текстиль фабрикасының құрылысы» инвестициялық жобаларын жүзеге асыру жоспарланып отыр.