ТҮРКІСТАН: Жетісайда агросектор үздіктері марапатталды

0
868

Инвестиция көлемі 2,8 млрд. теңгені құраған.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда агросектор үздіктері марапатталды

Жетісай ауданындағы үздік шаруалар марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Негізгі табысы агросалаға тікелей байланысты жетісайлықтар жылды қорытындылап, «Түркістан облысының 2018-2025 жылдарға дамыту» бағдарламасына және үш жақты келісімге сәйкес Жетісай ауданының агроөнеркәсібін дамыту үздік шыққан шаруалар марапатталып, сый-құрмет көрсетілді.


Аталмыш шараға Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы мен аудандық мәслихат хатшысы Әлихан Утанов, қала, кент ауылдық округ әкімдері мен ауыл шаруашылығы саласында үздік танылған шаруалар, БАҚ өкілдері қатысты. Аудандағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің көрмесі ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылды.


Атап өтсек, Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы саласында 2021 жылдың 10 айында 86,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,3 млрд. теңгеге артқан. Нақты көлем индексі 2020 жылдың 10 айында 100,3 пайызды құраса, биыл 104,8 пайызға жетіп отыр. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 2,8 млрд. теңгені құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,8 млрд. теңгеге артты.