ТҮРКІСТАН: Жетісайда «БанкЦентрКредит» бөлімшесі ашылды

0
751

Депозиттік салымдарға «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ тарапынан кепілдік беріледі.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда «БанкЦентрКредит» бөлімшесі ашылды

Жетісай ауданында 2000-нан аса қызметке төлем жасау мүмкіндігін ұсынатын «БанкЦентрКредит» АҚ бөлімшесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Өз клиенттерінің есеп шоттары мен жеке мәліметтерін, жүргізілген банктік операцияларды қорғауды 3D Secure арқылы қамтамасыз ететін банк әр азамат өз лимиттерін BBC.KZ қосымшасы арқылы басқарып, кез-келген жағдайда картаны бұғаттай алатындай мүмкіндіктер қарастырған.


«БанкЦентрКредит» АҚ бөлімшесі Жетісайдағы жұмысын зейнеткерлерге арналған «Үлкенге құрмет» зейнетақы картасын тегін ашудан бастады. 10 минутта дайын болатын банк картасы арқылы зейнеткерлер кез-келген банкоматтан пайызсыз тегін ақша алып, дәріханалар мен азық-түлік дүкендерінен алынған тауарларға қолма-қол ақшасыз төлем жасау мүмкіндігіне ие болады.


Мұнан бөлек жеке кәсіпкерлерге 6 – 12% көлемінде кепілді және кепілсіз, 4%-дан бастап тұтынушылық несиелерді арнайы бағдарламалармен беретін банк зейнетақы қорына тұрақты төлемдері жасалып отырған азаматтарға карта ашу арқылы 3 млн теңгеге дейінгі кредиттік лимит алу мүмкіндігін береді. Қаражатты 55 күн ішінде пайызсыз немесе өз қалауыңызбен кесте арқылы бөліп төлеу жолдары қарастырылған.


Банк басшылығы тұтынкшыларға жоғары пайыздық депозиттерді ашу арқылы салымның бастапқы қолжетімді сомасын өзіңізге қолайлы мерзімде рәсімдеп, банк бөлімшелеріне бармай-ақ салымдарды BCC.KZ қосымшасы арқылы онлайн ашу және толықтыруға болатындығын айтады. Банк клиенттерінің депозиттік салымдары «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ тарапынан кепілдік беріледі.