Балалар мен мүгедектерді тегін тасымалдайды.
Жетісай қаласында маршрут жұмысын бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қаңтар айының 5 ші жұлдызынан бастап Жетісай қаласының ішінде маршрут жүре бастайды. Жолда жүру ақысы 80 теңге.
Одан бөлек, 7 жастан 15 жасқа дейінгі жасөспірімдерге - 50% жеңілдік, 7 жасқа дейінгі балаларға, сондай-ақ І топтағы мүгедек жандар ауданішілік және қалалық жолаушылар бағыттарында тегін тасымалданады.