ТҮРКІСТАН: Жетісайда тәулігіне 2000 дана аяқкиім өндіретін цех іске қосылды

0
1 009

Мемлекет тарапынан қолдау тапқан жетісайлық жеке кәсіпкер Ұлықбек Әбдіраманов аяқкиім өндіретін цех ашты.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда тәулігіне 2000 дана аяқкиім өндіретін цех іске қосылды

Түркістан облыс, Жетісай ауданында жалпы инвестициялық құны 300 мың АҚШ долларын құрайтын аяқкиім цех іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мұнда тәулігіне 6 түрлі 2 000 дана аяқкиім шығарылады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ауданға ұйымдастырған пресс-тур барысында БАҚ өкілдері кәсіпорында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Жұмыс істеп келе жатқанына 3 ай болған «Ұлықбек» жеке кәсіпкерлігінің иесі Ұлықбек Әбдіраманов цехты ашу ісінде мемлекеттік қолдау тапқан.

«Мен бұған дейін шамамен 10 жылдай аяқкиім сатумен айналысып келдім. Сол кезде жеке цех ашып алсам деген ой келді. Бүгінде соның сәті түсіп жаңадан іс бастап отырмыз. Жылдың мезгіліне байланысты аяқкиімнің бірнеше түрін өндіріледі. Өнімге деген сұраныс жоғары. Жергілікті әкімдік және кәсіпкерлік бөліміне ризашылығымды білдіргім келеді. Осы жобаны жүзеге асуына қолдау көрсетіп, қажетті жер бөліп берді», – деді мекеме басшысы.

Цехта 20 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Қажетті шикізат Қытай, Өзбекстан елдерінен тасымалданады. Дайын өнім еліміздің барлық өңірлеріне жөнелтілуде. Кәсіпкердің ендігі жоспары мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекті пайдаланып, кәсіптің өрісін кеңейту.