ТҮРКІСТАН: Жыл соңына дейін бір жарым мыңға жуық отбасы баспаналы болады

0
935

89 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Жыл соңына дейін бір жарым мыңға жуық отбасы баспаналы болады

Түркістан қаласында 2020 жылдың соңына дейін 1462 отбасыға баспана беріледі, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының орталығындағы құрылысы қарқынды жүріп жатқан тұрғын үйлердің сапасына аса ден қоятын облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бүгін құрылысшылармен жүздесіп, жұмыс барысын тексерді. Бүгінде Түркістан қаласы әкімшілік-іскерлік орталығында 89 көпқабатты тұрғын үйдің (350 мың ш.м., 5600 пәтер) құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 7 қабатты 24 тұрғын үйді (92,2 мың ш.м, 1452 пәтер) пайдалануға тапсыру жоспарланған. Оның ішінде: кезекте тұрған әлеуметтік осал топтарға және көпбалалы отбасыларға (450 пәтер), кезекте тұрған мемлекеттік қызметкерлеге кредиттік тұрғын үй (1002 пәтер) тапсыру жобалары бар.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Түркістан шаһарын көркейту, экологиялық жағдайды жақсарту үшін қарқынды жұмыс жүріп жатқаны белгілі. Аймақ басшысы сапаға мән беріп, уақыт үнемдеу мақсатында енгізілген гидроегу жұмыстарын да қоса тексерді. Оған қоса, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын бақылады.

Алдағы уақытта Түркістанда халықаралық тәжірибені қолдана отырып, ең озық технологиялар қолданылады. Соның арқасында арнайы сұйықтық шашылып, жеті күнде айнала жасыл желекке бөленеді.