ТҮРКІСТАН: Зиялы қауым өкілдері референдумға қолдау білдірді

0
396

Референдум туралы өз ойларын ортаға салды.


ТҮРКІСТАН: Зиялы қауым өкілдері референдумға қолдау білдірді

Түркістандық зиялы қауым өкілдері референдумға қолдау білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Референдум – халықтың таңдауы. Республикалық референдумға түркістандық зиялы қауым өкілдері де бір кісідей атсалысып, қолдау білдіруге әзір. Сондай-ақ, олар Ата заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар ел болашағының зор болуына ерекше ықпал етеді деп санайды. Бүгін түркістандық бір топ зиялы қауым өкілдері Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұжымымен кездесіп, референдум туралы өз ойларын ортаға салды.


Кездесуге ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдәзім, журналист, «Түркістан Медиа Холдингінің» басқарушы директоры, «Айқын» газетінің Түркістан облысындағы меншікті тілшісі Тельман Бейсенов, қоғам белсендісі, ардагер кітапханашы Алима Пашанова, Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директор орынбасары Жанар Аманжолова қатысып, кітапхана ұжымына Ата заңымызға енгізілетін түзетулер туралы айтып берді.


«Бүгінгі кездесудегі мақсатымыз – конститутциялық реформалар біздің мемлекетіміз үшін және әрбір азамат үшін маңызды процесс екенін түсіндіру. Алдағы референдумда Ата заңымыздың 33 бабына яғни үштен бір бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Бұл түзетулер қазіргі транформация кезеңінен өтіп жатқан қоғамға бағдарланып отыр. Ендеше осы ортақ істен шет қалмай, өзіміздің азаматтық ұстанымымызды көрсетуіміз керек»,- деді Тельман Бейсенов.