Түркістанда әлемде теңдесі жоқ туристік кешен ашылады

0
1 064

Аталған кешеннің құны 39 млрд теңге тұрады.


Түркістанда әлемде теңдесі жоқ туристік кешен ашылады

Түркістан облысының орталығында биыл әлемде теңдесі жоқ туристік кешен ашылады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ..

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығында жүргізіліп жатқан әкімшілік, әлеуметтік нысандардың құрылыс қарқынын бақылады. Облыс басшысы Түркістан қаласындағы басқармалар ғимараты мен драма театры, Қ.А.Яссауи музейінің, Ұлы Жібек жолы қолөнершілер Ұлттық орталығы ғимараттарының құрылыс алаңдарында болды. Құрылыс жұмыстары аяқталып қалған нысандарда ішкі әрлеу, техника мен жиһаз орнату және сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта облыс орталығында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Sembol construction» түрік компаниясы қолға алған «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешен құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Құны 39 млрд теңге тұратын әлемде теңдесі жоқ туристік кешенде заманауи қонақ үйлер, шығыс базары, мейрамханалар іске қосылып, жасанды көл пайда болады. Бірегей жобада көне шаһардың көрінісі сақталған. Құрылыс жұмыстары биыл аяқталады деп жоспарланып отыр. Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысындағы туризмді дамыту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.