Түркістанда «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы 3 бағытта жүзеге асып жатыр.
Түркістан қаласында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы сәтті жүзеге асып жатыр. Күні бүгінге дейін облыс орталығында аталған бағдарламаның шарапаты 6 мыңға тарта азаматқа тиген, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы shymkenttv.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл жыл басындағы жоспардың 80 пайызы.Азаматтарға балық емес қармақ ұстауды үйрететін жобаның арқасында қалада кәсіпкерлік ісі де қарқын алыпты. Өйткені, бағдарлама қатысушыларының арасында мемлекеттің көмегімен кәсіп ашқандар көп.
Мейірхан бұған дейін қаладағы көп жұмыссыздың бірі еді. Тұрақты жұмысы болмағасын жалданып жұмыс істейтін. Бірақ, бүгінде ол темірден түйін түйген шебер. Оның ол өнерді игеруіне де мемлекеттік бағдарламаның көмегі көп тиіпті.
МейірханӘлменов - бағдарлама қатысушысы: "Осы орталықтағы бағдарлама бойынша мен дәнекерлеу мамандығын оқып бітіріп алдым. 300 мың теңге көлемінде қаржы алдым сол арқылы мен кішкене апарат алып жұмысымды жалғастырдым. Ол дәнекерлеу апараты, краска апараты дарбаза речеткаларды жасайтын."
Бүгінде қалада Мейірхан сынды бағдарламаға қатысып кәсіп ашқандар саны 2 мыңнан асып жығылады. Жыл соңына дейін ондайлардың қатары 3300 адамды құрайды деп күтілуде. Жалпы Түркістанда «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы 3 бағытта жүзеге асып жатыр. Бірінші бағыт бойынша бағдарлама қатысушылары кәсіби даярлықтан өтіп, қысқа оқыту курстарында біліктілігін арттырады. Ал, екінші бағыт «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» - деп, аталады. Бұл бағытта негізінен азаматтарға төмен пайызбен шағын несие беріледі. Бағдарламаның соңғы сатысы азаматтарды әлеуметтік, және қоғамдық жұмыстарға жұмылдырады. Одан бөлек, тұрғындардың отбасылық жағдайына байланысты да көмек көрсетіледі.
Жақыпбек Анарбаев – Түркістан қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры: "Бүгінгі таңда 3870 отбасыға 21073 азаматқа атаулы көмек тағайындалған. Жалпы біздің жұмыспен қамту орталығында қазіргі жұмыс сапасы кешегі Елбасының жолдауында айтып өткеніндей жоғары деңгейде. 2019 жылы да 9 аймен салыстырғанда жоғары болады деп ойлаймын."
Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырып жатқан бөлім негізінен халықты тұрақты жұмысқа орналастыру ісіне басымдық беріп отыр. Соның нәтижесі болар жыл басынан бері облыс орталығында 2741 азамат тұрақты жұмыс тапқан. Бұл бағыттағы істер алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.