Түркістанда бірнеше су қоймасы салынып жатыр

0
2 682

Су қоймалары арқылы Түркістан қаласын ауыз сумен қамтамасыз етуде.


Түркістанда бірнеше су қоймасы салынып жатыр

Түркістандағы бірнеше су қоймасының құрылысы жоспар бойынша жүзеге асырылуда, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Түркістан-Су» МКК пайдаланысындағы екі 1500м3 және 3000м3 қуатты су қоймалары арқылы Түркістан қаласын ауыз сумен қамтамасыз етуде.

Өткен жылы ауыз су жүргізілмеген қала аумақтарына су құбырларын жүргізу жоспары жасалып, қазірде жоспарланған бірнеше су қойма құрылысы қолға алынған.

Атап айтқанда, биыл ақпан айында сыйымдылығы 5000м3 су қоймасы мен Еңбекші Дихан елді-мекеніндегі жұмыс жасап тұрған 2 су қойма жанынан сыйымдылығы 10000м3, 20000м3 болатын екі су қойма құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Әкімшілік іскерлік орталығы» мен «Яссы» мөлтек ауданында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлер және мемлекеттік мекеме ғимараттарын үздіксіз ауыз сумен қамту мақсатында қуаттылығы 8000м3 тұратын екі су қойма құрылысы 2020 жылы басталған болатын. Бұл қоймалар жоспар бойынша биыл маусым айында қолданысқа беріледі деп күтілуде.

«Түркістан-Су» МКК мәліметінше, қазірде «Мырғалымсай» су көзінен Еңбекші Дихан елді-мекеніндегі екі су қоймаға дейін Ø800мм су жүйесі тартылған. Жоғарыда айтылған су қоймаларының құрылысы аяқталған соң шаһар аумағы толықтай сумен қамтамасыз етіледі.