Түркістанда «Денсаулық» саябағы салынды

0
584

Саялы демалыс орнының 6240 шаршы метр жері – көгалды аумақ.


Түркістанда «Денсаулық» саябағы салынды

Түркістан қаласында «Денсаулық» саябағы салынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласындағы жаңа емхананың жанынан «Денсаулық» саябағы салынды. Саялы демалыс орнының 6240 шаршы метр жері – көгалды аумақ. Онда 540 дана ағаш егілген. 3150 шаршы метріне аяқжол төселген. 100 дана бастырма орналастырылып, балалар ойын алаңшасы мен стрит воркаут жасақталған. Одан бөлек, саябақ ішінде әсемдік үшін қойылған ана мен бала мүсіні және 136 дана кіші сәулеттік формалар да бар. Саябақ автотұрақпен де қамтамасыз етілген.


Қала әкімдігі тарапынан саябақтар, скверлер, гүлзарлар, көшелер мен жасыл аймақтар аумағын тазалау, жасыл желектерді егу және оны күтіп ұстау, шағын сәулеттік пішіндер мен ескерткіштерді, субұрқақтарды, суғару жүйелерін салу және қадағалау жұмыстары жүргізіліп келеді. Көгалдандыру жұмыстарына 700-ден астам адам тартылған.