Түркістанда департамент басшысы брифинг өткізді

0
1 321

Түркістан облысында еңбекақы төлеудің жаңа жүйесінің арқасында 1 бос орынға 39 үміткерге дейін қатысуда.


Түркістанда департамент басшысы брифинг өткізді

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғ.Тұрсынбаев брифинг өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Брифинг барысында Ғалым Сұлтанұлы мемлекеттік қызметшілерге факторлы-балдық шкалаға негізделген еңбек ақы төлеудің жаңа жүйесі Агенттік және оның аумақтық бөлімшелерінде, Әділет Министрлігінде, Маңғыстау облысы мен Астана қаласы әкімдіктерінде пилоттық тәртіпте енгізілгенін атап өтті. Жаңа жүйенің енгізілуі аумақтар мен орталық мемлекеттік органдардағы қызметшілердің еңбекақыларындағы сәйкессіздікті азайтты.

Нәтижесінде Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаменті қызметшілерінің жалақысы 2,5 есеге дейін ұлғайып, бас маман лауазымдарының жалақысы 90 мың теңгеден 210 мың теңгеге дейін артты. Бұған қосымша жыл соңында қызметшілерге жұмыс тиімділігіне сәйкес 4 немесе одан жоғары жалақы көлемінде бонустар беріледі. Департамент қызметшілеріне бұдан өзге бос лауазымдардан үнемделген қаржы есебінен 30 % және экологиялық аймақ ретінде 20 %, жалпы алғанда жалақыларына 50 % көлемінде үстемақы төленіп келеді. Бұл мемлекеттік қызметшілердің жаппай жұмыстан кету жағдайын едәуір азайтып, бос орынға білікті мамандардың қатысу белсенділігін арттырды.

Оған дәлел жуырда Департаментте ең төменгі лауазым жетекші маманға жарияланған конкурсқа 39 адам құжат тапсырған. Үлкен бәсекелестік арқасында Департаментке жоғары дайындықпен келген білікті мамандарды іріктеуге жол ашылды. Жиын соңында Департамент басшысы факторлы-балдық шкала негізінде еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі келесі жылдан бастап мемлекеттік органдарда кезең-кезеңімен енгізілетін айтып қорытындылады.