Түркістанда кәсіпкерлікке бет бұрғандар саны артып келеді

0
1 245

Қазіргі таңда кәсіпкер тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеп, полиэтилен және пластикалық құбырға қажетті шикізат өндіруде.


Түркістанда кәсіпкерлікке бет бұрғандар саны артып келеді

ERNUR.KZ. Түркістан облысында жергілікті әкімдік пен қаржы ұйымдары тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсетілуде. Осы мемлекеттік қолдаулар нәтижесінде өңірде кәсіпкерлікке бет бұрғандар саны артып келеді. Солардың бірі — Тұрғанбай Ахметов. Түркістан қаласының тұрғыны «Ырыс» микроқаржынан «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 6 пайызбен 10 млн. теңге жеңілдетілген несиеге қол жеткізген.

Осы қаржыға бірнеше құрылғы сатып алып, «Датқа» деп аталатын жеке кәсіпорнын ашқан. Қазіргі таңда кәсіпкер тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеп, полиэтилен және пластикалық құбырға қажетті шикізат өндіруде. Осы кәсібі арқылы ол 11 адамды жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта кардон қағаздарын өңдеуді қолға алмақшы.

Түркістан қаласының тағы бір тұрғыны Жандар Исламбек «Ырыс» микроқаржы ұйымының «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 2 млн. теңге несие алды. Бүгінде жас кәсіпкер автокөлік май сүзгілерінің 286 түрін өндіруде. Осы кәсібі арқылы 8 адамды жұмыспен қамтып, айына 20 мың дана сүзгі шығаруда. Бұл сүзгілер Түркістан облысы мен Шымкент қаласына сатылымға шығарылған. Тұтынушылары баршылық.

Түркістан облысында шағын және орта бизнесті дамыту бағытында құрылған «ЫРЫС» микроқаржы ұйымы жыл басынан бері жалпы сомасы 4 387,7 млн.теңгені құрайтын 1228 жобаны қаржыландырды. Жүзеге асқан жобалар шеңберінде 1300-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. Қаржыландырылған жобалардың 31,9% мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. Нақтырақ айтсақ, 371 жобаға несие бөлген. Ал, көктемгі егістік жұмыстары бойынша 766 жоба, жылыжай шаруашылығы бойынша 15 жобаға қолдау көрсетілген. Өндіріс, құс шаруашылығы, қызмет көрсету және өзге де салаларға қаржылай қолдау жасалды.

«Ырыс» микроқаржы ұйымы шылған сәттен бастап 17367 жобаны қолдап, 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орынын ашылуына ықпал етті. «Жас кәсіпкер» бағдарламасы шеңберінде 18 бен 29 жас аралығындағы іскер жастарға 20 млн. теңге несие берілген. Сонымен бірге, «Ырыс» микроқаржы ұйымы фермерлерге алдын-ала төлемсіз қаржы лизингін беріп, «Ырыс-Өркендеу» деп бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерге ауылшаруашылық техникасын және ауылшаруашылық техникасын сатып алуға қолдау көрсетуде.

Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі