Жаңа оқу орны Орталық Азияның жетекші жоғары оқу орындарының біріне айналуы тиіс.
ERNUR.KZ. Түркістанда халықаралық туризм және спорт университеті ашылады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.
«Орталық Азияның ежелгі қалаларының бірі - Түркістанда туристік индустрияның кадрлық әлеуетін дамыту мақсатында халықаралық туризм және спорт университеті ашылады. Жаңа оқу орны Орталық Азияның жетекші жоғары оқу орындарының біріне айналуы тиіс. Университет туризм, спорт, қолөнер және реставрация саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлайды», - деді Ақтоты Райымқұлова ОКҚ алаңындағы халыққа есеп беру кездесуінде.
Сонымен қатар министр Қазақстандағы туристік нысандардың жұмысын жандандыру туралы да пікір білдірді. Қазір Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия карантиннен кезең-кезеңмен шығуды ұсынып отыр.
Туристік нысандардың жұмысы бойынша санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау тәртібі мен аймақтар үшін туристік маусымның ашылу алгоритмі бекітілген.