Алдағы уақытта қалада тазалық жұмыстары дәстүрлі түрде ұйымдастырылмақ.
Түркістанда жалпықалалық тазалық шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпықалалық тазалық шарасы өтті. Шара - қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, тұрғындардың белсенді азаматтық ұстанымдарын дамыту және табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған.
Қаладағы тазалық жұмыстары таңғы сағат 9:00-ден басталып, оған қала тұрғындары мен түрлі ұйымдардан 1100 адам және 28 арнайы техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында қаланың көшелері мен қоғамдық орындар, шет аймақтар қоқыстан тазартылды.
- Ауламыз бен ауылымызды таза ұстау - әрбір тұрғынның міндеті. Әр аула таза болса, ауыл таза болады. Ал ауыл таза болса, ауданның тазалығы. Аудан тұрғындарын денсаулық кепілі болған тазалықты сақтауға шақырамын, - деді шауғарлық тұрғын Фатима Құдайбергенова.
Бұл бастама тек қаланың айналасын ғана емес, тұрғындардың экологиялық санасын да қалыптастыруға бағытталған. Алдағы уақытта қалада тазалық жұмыстары дәстүрлі түрде ұйымдастырылмақ.