Түркістанда жаңа су қоймасы салынды

0
692

Әкімшілік-іскерлік орталығындағы ғимараттарды толық таза ауыз сумен қамтиды.


Түркістанда жаңа су қоймасы салынды

Түркістан қаласының іргесінде орналасқан Кеңсай-Қосқорған-2 су қоймасы іске қосылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қарасу өзенінің мөлдір, таза суын сақтауға арналған жаңа қойманың іске қосылуы су тасқыны құбылыстарының қаупін азайтуға да сеп болмақ. Түркістан қаласы әкімдігінің "Құрылыс бөлімі" және "ТС Индустрия" ЖШС жобалауымен жүзеге асып жатқан су қоймасы шаһардың Әкімшілік-іскерлік орталығындағы ғимараттарды толық таза ауыз сумен қамтиды.

Қазірде қаланың Әкімшілік-іскерлік орталығын да сумен қамту жұмыстары жүріп жатыр. Атап айтқанда, суаққы ұзындығы 18,022 шақырым болатын 2 су резервуары құрылысы аяқталуға шақталған. Резервуарлардың сыйымдылығы - 8000 м³ тұрады. Бүгінде магистралды су құбырлары толық орнатылып, резервуарларда абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Жалпы, су қоймаларының жағалауында демалыс аймақтарын ашып, суды тиімді пайдалу және сақтау, сондай-ақ суармалы жерлерге жұмсау бойынша да жоспарлар қарастырылуда.