Түркістанда жылыту маусымына даярлық пысықталды

0
618

Үш қазандық жұмыс істейді.


Түркістанда жылыту маусымына даярлық пысықталды

Түркістан қаласында көпқабатты үйлердің жылыту маусымына даярлығы пысықталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлының төрағалығымен өткен апталық мәжіліс барысында қысқы маусымға көпқабатты үйлердің дайындық барысы баяндалды.

Түркістанда 2020–2021 жылғы жылу беру маусымында орталық қазандық және Отырар ықшамауданындағы екі қазандық бөлімшесі жұмыс жасайды.

Биылғы жылу беру маусымында кәсіпорын толығымен табиғи газ отын түрін пайдаланатын болады. Қазіргі таңда газ жүйесін қазандыққа қосу және сыртқы абаттандыру жұмыстарын жүргізілуде.

Атап айтсақ, қазандықтар және жылу жүйесіндегі магистралды қысымдау мен шаю жұмыстары толық жүргізілген. Ішкіорамдық жылу жүйесі де толық дайын. Қосымша 1000 тонна қатты отын (сыртқы ауа температурасы орта деңгейде болған жағдайда 15 күндік қор) кәсіпорын қоймасында сақталып тұр.

І және ІІ мөлтекауданындағы жылу жүйесінде ішкіорамдағы 17990 метр құбырдың 14200 метр жарамсыз құбырын ауыстыру бойынша жер қазба жұмыстары басталып, оның 1050 метрі ауыстырылды. Одан бөлек "Отырар" ықшамауданы бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің де ішкі жылу жүйесін қысымдау және шаю жұмыстары жүргізілген.

Рашид Абатұлы "Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы" бөліміне көпқабатты үйлердің шатырлары мен жертөлелерін тазалап, алда техникалық қолайсыздықтар болмас үшін алдын алуды және жертөледе орналасқан бұрамдамаларды 5 күн ішінде орнатуды тапсырды.