Түркістандағы 24 тұрғын үй жыл соңына дейін тапсырылады

0
705

Көппәтерлі тұрғын үйдің сапасын тексеріп шыққан аймақ басшысы сақтық шараларын күшейте отырып, жұмысты тоқтатпауды тапсырды.


Түркістандағы 24 тұрғын үй жыл соңына дейін тапсырылады

Өмірзақ Шөкеев түркістандағы құрылыс алаңдарын аралады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының басшысы Өмірзақ Шөкеев қаладағы құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралады. Қазіргі уақытта Түркістан қаласында 24 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жоспар бойынша баспаналар жыл соңына дейін тапсырылады. Көппәтерлі тұрғын үйдің сапасын тексеріп шыққан аймақ басшысы сақтық шараларын күшейте отырып, жұмысты тоқтатпауды тапсырды.

Аймақ басшысы бұдан соң құрлысы қызу жүріп жатқан 7000 адамға лайықталған стадионда болды. Облысымызда футбол бәсекелері, ірі спорттық додалар мен мәдени іс-шаралар өтетін спорт нысанның демеушісі – «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры. Мұнда 2 спорт залы, табиғи футбол алаңы, әкімшілік бөлмелер бар. Спорт кешені пайдалануға берілген соң, бұл жерде футболдан Қазақстан Республикасы чемпионатының прьемер-лига, бірінші және екінші лига командаларының ойындары өтетін болады.

Сондай-ақ, өңір басшылығының шешімімен Кентау-Түркістан бағытындағы жол бойынан тоқтаусыз су ағызу мақсатында тасарықтың құрылысы жоспарланған болатын. Былтыр 4 шақырымы жасалса, биыл 600 метр тасарықтың құрылысы аяқталды. Нәтижесінде Қотырбұлақ арығымен секундына 70 литр су Арыс-Түркістан каналына құйылып жатыр.