Айта кетсек, өңірімізден аталған байқауға 10-16 жас аралығындағы 200-ден аса үміткер қатысып, 9 жанр бойынша бақ сынады
ERNUR.KZ. Астана қаласының 20 жылдығы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Ақмола облысы Бурабай демалыс аймағында өткен «Burabay Summer Fest» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер телевизиялық фестивалінде жеті өнерпаз жүлделі орындарға қол жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Яғни, «Жетіген» ансамблі Бас жүлдені қанжығасына байласа, академиялық ән жанры бойынша Сарыағаш ауданынан Тұрарбек Әлима 1-орынды, Созақ ауданының жас көркемсөз оқу шебері Тұран Өсер 2-орынды, академиялық ән жанры бойынша Темірбекова Айгерім Маратқызы 2-орынды, классикалық музыкалық аспаптарда орындаушылар арасында сайрамдық Абдимажитов Нурилло және Ордабасы ауданынан Диас Айнабек 3-орынды, дәстүрлі ән жанры бойынша Сайрам ауданынан Аман Ерсін 3-орынды иемденді.
Дереккөз: Түркістан облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы