Түркістандық Айжан Әлем чемпионы атанды

0
181

Жеңімпаздың жаттықтырушысы – Қайрат Пазылбеков.


Түркістандық Айжан Әлем чемпионы атанды

Үндістан елінің Дели қаласында қазақ күресінен ересектер арасында әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жаһандық додаға әлемнің түкпір-түкпірінен мықты деген балуандар жиналып, боз кілем төрінде күш сынасып, бас жүлдеге таласты.


Айтулы күрес бәсекесінде Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ел намысын қорғаған түркістандық балуан қыз Айжан Жылқыбаева 48 келіде барлық қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, әлем чемпионы атанды. Айта кетейік, Айжан Түркістан облысында қазақ күресінен тұңғыш әлем чемпионы атанып, тарихта өз атын алтын әріппен қалдырды. Жеңімпаздың жаттықтырушысы – Қайрат Пазылбеков.


Айжан Жылқыбаева – Түркістан облыстық олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірті.

Бөлісу