Түркістандық балуан бір салмақпен екі профильде топ жарған алғашқы спортшы атанды

0
530

Джиткундо спорт түрінен әлем біріншілігінде чемпион атанды.


Түркістандық балуан бір салмақпен екі профильде топ жарған алғашқы спортшы атанды

Келестік спортшы 22 жылдан бері бір салмақпен екі профильде топ жарған алғашқы спортшы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінде елімізде түрлі жауынгерлік күрес түрлері қарқынды дамып келеді. Әсіресе жекпе-жектiң Джиткундо деп аталатын түрiне қызығушылар саны артып отыр. Бұл күрес түрінің сан қырлы құпиясын меңгеруге деген құштарлығы басым спортшылар оның дамуына мол үлес қосуда.


Жуырда Түркия елінің Адана қаласында өткен Джиткундо спорт түрінен әлем біріншілігінде Келестік Ақылбек Нұрболат Нұрлыбекұлы бақ сынап, ешкімді өзіне тең келтірмей, чемпион атанды. Айта кететіні жерлесімізаталған спорт түрінен 22 жылдан бері бір салмақпен екі профильде топ жарған алғашқы спортшы атанды.Айтулы додаға әлем елдерінен мықты спортшылар қатысты. Джиткундоның түрлі айла тәсілдерін жетік меңгерген спортшылар сайдың тасындай іріктелген кілең мықтылар бақ сынады.


Айта кетсек, Нұрболат Нұрлыбекұлы 2003 жылы Келес ауданында дүниеге келген. 8 жасынан спорттың бокс түріне қатысып, кейіннен жарақат алады. Спорттағы 1 жылдай үзілістен кейін Джиткундоның мықты спорт түрі екенін мойындап осы спорт түрімен тұрақты айналысып келеді. Жаттықтырушысы Бекзат Жалал. Жерлесіміздің жетістіктеріне тоқталсақ ағымдағы жылы Шымкент қаласында өткен Панкратионспорт түрінен 84 келі салмақта облыс чемпионы атанса, наурыз айында Алматы қаласында өткен «у шу саньда» спортынан 85 келі салмақта ел чемпионы атанды. Облыс және ел шыңын бағындырған жерлесіміз Түркияның Адана қаласында 75 келі салмақта әуесқойлар арасында және кәсіби дәрежеде әлем чемпионы атанды.Спорттың бірнеше түрімен айналысқан Ақылбек Нұрболатақыры Джиткундоның мықты спорт түрі екенін мойындап осы спорт түрімен тұрақты айналысып келеді.