ТҮркістандық бір топ ана мәселесін айтып көшеге шықты

0
1 129

Оларды қала әкімі қабылдады.


ТҮркістандық бір топ ана мәселесін айтып көшеге шықты

Түркістан қаласының әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Түркістан қаласы әкімдігіне бір топ қала тұрғындары келген. Олардың негізгі шағымы: Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, мектеп формасы және тұрғын үйге кезегі бойынша пәтер алу.

"Қала аумағында жалпы саны 1452 (1002 ипотекалық, 450-і көпбалалы отбасыларға) пәтердің құрылысы жүріп жатса, 540 коммуналдық тұрғын үй (кезекте тұрған) пайдалануға беруге мердігер компаниясы тарапынан өткізілген болатын. Дегенмен, мердігерлерден қабылдау барысында бірнеше ақаулар белгілі болып, оны реттеу қажеттілігі туындаған. Сол үшін бүгінде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кемшіліктер осы ай ішінде жөнделіп, қыркүйек айында пәтерлер табысталады деп күтілуде", - деп хабарлады Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Атап өтсек, тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде: көпбалалы отбасылар, әлсіз топтағы азаматтар, (I, II топтағы мүгедектер) жалғызбасты аналар, мүгедек азаматтарды асырап отырғандар, жетім балалар, үйі апатты деп табылған азаматтар, бюджеттік сала қызметкерлері бар. Баспаналар барлығына заң аясында кезектері бойынша бөлініп беріледі.

Сондай-ақ, шағымданған аналардың көкейіндегі сауалдың бірі - атаулы әлеуметтік көмекке ие болу. Жалпы, бүгінгі таңда Түркісьан қаласы бойынша АӘК 1309 отбасына тағайындалған. Оның ішінде 854 отбасы шартты, 455-сі шартсыз АӘК алады. Бұған дейін шілде айына 223 отбасыға шартсыз төлем жүргізілген екен. Ал қазір тамыз айы ішінде, шілде айының төлемін жалпы 1086 отбасына аудару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгін және ертең толығымен аталған отбасыларға төлем жүргізіледі.

Айта кетейік, қазіргі уақытта кезек-кезегімен әр ананы қала әкімі жеке қабылдап, мәселелері бойынша шешімдер қабылдануда.