Түркістандық боксшылар ел чемпионатында топ жарды

0
2 832

4 алтын, 4 күміс қанжығаға байлаған.


Түркістандық боксшылар ел чемпионатында топ жарды

Түркістандық жас боксшыларға құрмет көрсетілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Республика чемпиондары атанған түркістандық жас боксшыларға құрмет көрсетілді. 4 алтын, 4 күміс және 6 қола медальді қанжығаға байлаған боксшыларды облыс басшылығы қошемет көрсетті. Жас спортшылар Түркістан облысы əкімінің орынбасары Сəкен Қалқаманов пен Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараевпен кездесті. Басқосуда сөз алған облыс әкімінің орынбасары спортшыларға қолдау көрсетіп, алдағы әлемдік додаларда жеңіс тұғырының биігінен көрінуді тіледі.

Бокстан жастар мен жасөспірімдер және қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты жуырда аяқталды. Жаңа чемпиондардың есімдерін анықтау мақсатында бокс бәсекесі еліміздің екі өңірінде өтті. Ұлдар Ақтөбе қаласында жұдырықтасса, қыздар Алматы қаласында ринг көркін қыздырды. Айтулы додада Түркістан облысының боксшылары жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Жарыстың "Үздік боксшысы" атанған жеңімпаз түркістандық Бахтияр Анарбаев бұл республикалық сайысқа жоғары дайындықпен барғанын жеткізді. Сонымен қатар, жастар мен жасөспірімдер арасында өткен қыздар арасындағы елішілік жарыста Түркістан облысының №5-ші олимпиадалық спорт мектебінің шəкірттері тамаша өнер көрсетті. Қазақстан чемпионатында бокс саласының мамандарының назарын ерекше өзіне аударған 69 келіде топ жарған Гауһар Шəйбекова намысшылдық пен отансүйгіштік қасиеттердің жеңіске жетелейтінін жеткізді.