Түркістандық дәрігерлер жылжымалы медициналық кешенмен қызмет көрсетеді

0
633

Науқастарға өздері барып, сырқаттарын анықтайтын болады.


Түркістандық дәрігерлер жылжымалы медициналық кешенмен қызмет көрсетеді

Сарыағаштық дәрігерлер жылжымалы медициналық кешенмен қызмет көрсетеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының дәрігерлері енді елдімекендерді аралап жүріп, науқастарға қызмет көрсететін болды. Ақ халатты абзал жандардың осылай жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін жылжымалы диагностикалық медициналық кешенді көлігі сыйға тартылған болатын. Бұдан былай медицина қызметкерлері орталық ауруханаға келуге мүмкіндігі жоқ шалғайда орналасқан елдімекендерде тұратын науқастарға өздері барып, сырқаттарын анықтайтын болады.

«Жақында ғана берілген бұл кешен ауруды дер кезінде дәлме-дәл анықтауға мүмкіндік беретін соңғы үлгідегі медициналық аппараттармен жабдықталған. Заманауи құралдармен жұмыс істейтін арнайы мамандарымыз да бар. Бір сөзбен айтқанда мұны халықтың денсаулығын қорғау үшін жасалып жатқан мол мүмкіндік деуге болады», – деді аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Бауыржан Есболұлы.

Одан бөлек, Бауыржан Оспанов Сарыағаш ауданы коронавирус індетінің екінші толқынына 100 пайыз дайын екенін де жеткізді. Ол үшін орталықтандырылған оттегі станциясы, 18 өкпені жасанды желдету аппараты бар. Сондай-ақ, қосымша 246 пульсоксиметр, 150 контактісіз тепловизор алынған. Сонымен қатар, демеушілердің қолдауымен 35 оттегі концентраторы, 60 дана оттегі балоны, 1 ЭКГ аппараты мен 20 тонометр берілген. Ауруханада 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры бар.