Түркістандық елдімекен «Ең мейірімді ауыл» атанды

0
662

«Жылдың үздік қамқоршысы» номинациясы да түркістандықтарда.


Түркістандық елдімекен «Ең мейірімді ауыл» атанды

Төлеби ауданында өнім көлемі 46 млрд. 335 млн. теңгені құрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Қайырымды істер марафоны» ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған «Ең мейірімді» байқауында Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылы «Ең мейірімді ауыл» атағына ие болды. Атап айтсақ, Павлодар қаласында өткен жоба аясында Қожатоғай ауылы II орынды жеңіп алды. Ал, Арыс қаласының тұрғыны Әлішер Мұратұлы Республикалық Жомарт жүрек байқауында «Жылдың үздік қамқоршысы» номинациясын жеңіп алды.


«Қожатоғай ауылының мейірімді ауылдар қатарынан көрініп, үздіктер сапына ілігуі, осы жерді ертеден мекен етіп, өмір сүріп келе жатқан жергілікті тұрғындардың о бастағы елдік қағидатына тікелей байланысты деп есептеймін. Ауылымыздың елжанды перзенттері өздерінің тұрмыстарына қажетті нысандарды түлектер бастамасымен тұрғызып, жыл сайын туған ауылын ажарландырып келеді. Елдегі рухани жаңғыру бағдарламасынан да бұрын бастау алған бұл үрдіс қожатоғайлық ағайындар үшін жазылмаған қағида ретінде бүгінгі таңда түбегейлі қалыптасып үлгерді. Ауылымыз бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған жобалар өте көп», - дейді «ең мейірімді» ауылдың әкімі З.Елшібаев.


Еске сала кетейік, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асып жатыр. Жобаның басты мақсаттарының бірі – жақсылыққа жаны құмар адамдарды біріктіру және ұйымдастыру, қоғам мен адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік беретін, жомарттық пен жақсылық идеясына негізделген қоғам құру.