Түркістандық кәсіпкер 20 жылдан бері мал шаруашылығын жандандырып келеді

0
807

Кәсіпкер басында 10 шақты мал бордақылаған.


Түркістандық кәсіпкер 20 жылдан бері мал шаруашылығын жандандырып келеді

Түркістан облысында мал шаруашылығын даму үстінде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы, Кентау қаласына қарасты Қарашық ауылдық округіндегі «Әшәбаев» ШҚ мал шаруашылығын дамытуды мықтап қолға алған. Жылқы және сиыр шаруашылығын ұштастырып отырған қожалықтың негізі 2000 жылы қаланған.

Шаруа иесі Ербол Әшәбаевтің айтуынша, кәсібін ең алдымен 10-ға жуық мал түрінен бастаған. Бүгінде қорасын кеңейтіп, мемлекет көмегімен мал басын арттырып отыр. Қоражайында 70 шақты сиыр, 30 шақты жылқы малын баптауда.

Сиырларды сүтті, ал жылқыларды етті бағытта өсіріп отыр. Бір күнде ірі қарадан өндірілген 120 литр сүтті Қарашық ауылына және Түркістан қаласына өткізеді. Бір жылқы шамамен 180 келіден 350 келіге дейін ет береді. Жеке кәсіпкер отбасылық шаруасын жандандыру үшін болашақта мал басын көбейтіп, сүтті бағытты дамытуды жоспарлап отыр.