Жетісай ауданы орталық ауруханасының қызметкерлеріне үлестірді.
1 тоннадан астам алма, жүзім, 1 тоннаға жуық қауын, қарбыздарды тегін үлестірді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгін Түркістан облысы Жетісай ауданының тұрғыны, «Nur Otan» партиясының мүшесі, ауданның құрметті азаматшасы, белгілі кәсіпкер «Arsenal Sad» шаруа қожалығының төрайымы Ақтөреева Қаршыға Жетісай ауданы орталық ауруханасының қызметкерлеріне 1 тоннадан астам алма, жүзім, 1 тоннаға жуық қауын, қарбыздарды тегін үлестірді.
Айта кетсек, Қаршыға Ақтөреева Жетісай ауданының осал топтағы азаматтарына, әлеуметтік жағдайытөмен отбасыларына көмек қолын созып келеді.
"Аудан әкімі Жамантай Бейсенбаевтың тапсырмасына сәйкес елдегі кәсіпкерлерді ұйымдастырып мұқтаж азаматтарға көмек көрсету жұмыстары жүзеге асып келеді. Осындай қиын кезеңде қол қусырып отырмай, қолындағы барымен бөлісіп, елдің қамы үшін аянбай еңбек етіп жүрген кең жүректі, жаны жомарт жандарға партия атынан шынайы алғысымды білдіремін", - дейді " Nur Otan" партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Асауов.
Сондай-ақ, оңтүстік өңірінің кәсіпкерлері мұндай қайырымдылық шараларын тұрақты түрде ұйымдастырып, елге демеу беріп келеді.