Түркістандық оқушы өзіне-өзі қол жұмсаған

0
462

Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.


Түркістандық оқушы өзіне-өзі қол жұмсаған

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістандық оқушының суицид оқиғасына қатысты мән-жайды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ордабасы ауданы Көкарал ауылында орналасқан «М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9 «ә» сынып оқушысы өзіне-өзі қол жұмсаған. Осыған орай Түркістан облысының Адамиәлеуетті дамыту басқармасы басшысының 07.06.2021 жылғы №176 бұйрығымен зерделеу комиссия тобы құрылып, оқиғаға қатысты мән-жайды анықтау жұмыстарыжүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.


Сондай-ақ, Ордабасы аудандық полиция бөлімінің тергеп-тексеру амалдарының нәтижесі мен Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының қорытындылары алдағы уақытта жарияланатын болады.