Түркістандық өнімдер Мәскеу көрмесіне қойылды

0
658

Бұл көрме азық-түлік тақырыбындағы әлемдік ірі байқаулардың ондығына кіреді.


Түркістандық өнімдер Мәскеу көрмесіне қойылды

Мәскеуде шикізат өнімдерінің «ПРОДЭКСПО-2022» 29-шы халықаралық көрмесі басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мәскеуде азық-түлік, сусындар мен оларды өндіруге арналған шикізат өнімдерінің «ПРОДЭКСПО-2022» 29-шы халықаралық көрмесі басталды. Бұл көрме азық-түлік тақырыбындағы әлемдік ірі байқаулардың ондығына кіреді. Дәстүрлі түрде онда әлемнің түкпір-түкпірінен азық-түлік тауарларын өндіретін компаниялар таныстырылады. Базалық өнімдер мен сусындардан бастап таңдаулы деликатестерге дейін, сондай-ақ салауатты өмір салтына арналған органикалық, спорттық тағамдар, халал және экзотикалық өнімдер ұсынылады. Қазақстан Республикасының тауарөндірушілері қатарында Түркістан облысы атынан «Dala-Fruit.KZ ЖШС» компаниясы да өз өнімдерін алып барды. Бұл компания сапалы әрі тікелей сығылған табиғи шырындар шығарады. Көрме күндері (7-11 ақпан) қазақстандық компаниялардың ресейлік сауда желілерімен, дистрибьюторлармен және көтерме-сатып алу компанияларымен B2B кездесулері өткізіледі.


Атай кетейік, Түркістан облысы мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2021 жылғы қаңтар-қараша айларында 467,7 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 8,5%-ға жоғары (431,2 млн. АҚШ). 2021 жылдың 11 айында Түркістан облысынан Ресейге жолданған экспорт көлемі 359,8 млн. АҚШ долларын құрады. Түркістан облысынан Ресейге негізінен табиғи уран және оның қосылыстары, спирт тұнбалары, трансформаторлар, күркетауық еті мен бақша өнімдері экспортталады.