Түркістандық полицейлер екпе салдырды

0
2 454

Ескерте кететін жайт, вакциналау жұмыстары ерікті негізде жүргізілуде.


Түркістандық полицейлер екпе салдырды

Түркістанда 400-ге жуық полицей ковидке қарсы вакцинаны салдырды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елімізде өткен жылы індет өршіп, тұрғындардың өмірі мен денсаулығына зиян келу қаупі артқандықтан бірінші кезекте халықпен жұмыс істейтін арнайы мамандар мен құзырлы органдарға вакцина салдыру мәселесі қолға алынған болатын. Осы мақсатта Түркістан облысындағы полиция қызметкерлері де КОВИД-ке қарсы екпе салдыруды бастады. Нақтырақ айтар болсақ, қызметкерлерді вакциналау кезең кезеңімен іске асырылуда. Сондықтан бірінші кезең бойынша халықпен үнемі байланыста болып, қызметін атқарып жүрген учаскелік және патрульдік полиция қызметкерлері КВИ-ге қарсы екпені алуда.

Мәселен бүгінгі күнге дейін Түркістан облысының 400-ге жуық полицейі вакцинадан өтті. Оның ішінде учаскелік полиция инспекторларының 200-ге жуығы, ювеналды полиция инспекторларының 50-ден астамы және басқа да полиция құрылымдарының қызметкерлері тиісті екпені салдырды.

Айта өтейік, егу науқанында вакциналаудан өткен қызметкерлердің бүгінде жағдайы жақсы. Сонымен қатар басқа да полицейлердің вакциналаудан өтуі жоспарға қойылған. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін полицейлердің екпені дер кезінде қабылдауы да маңызды болмақ. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Ескерте кететін жайт, вакциналау жұмыстары ерікті негізде жүргізілуде.