Түркістандық спортшылар бір аптада 17 жүлде еншіледі

0
571

Спортшылар Қазақстан чемпионаттарында топ жарған.


Түркістандық спортшылар бір аптада 17 жүлде еншіледі

Түркістан облысында «Автобус» іс-шарасы кезінде 2000-ға жуық хаттама толтырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жуырда Өскемен қаласында ерлер және әйелдер арасында жекпе-жек спортынан Қазақстан чемпионаты өтті. Аса тартысты өткен сайыста ерлер арасында Түркістан облысының өрені Бекжан Əбілқасым 53 келіде өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды. Әйелдер арасында 57 келі салмақта Махсуда Джаппарова да жеңістің шыңын бағындырды.


Бұдан өзге, 57 келіде сынға түскен тағы бір жерлесіміз Нұрдаулет Урманбек қола жүлдегер атанса, әйелдер арасында Ақжүніс Өтегенова мен Гүлназ Ботпайбек те қола жүлде еншіледі.


Апта соңында армрестлинг спортынан да ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Ақтөбе төрінде өткен сында түркістандықтар командалық есепте бас жүлдені жеңіп алды. Түркістан облысының қол күрес шеберлері 6 алтын, 3 күміс жəне 3 қола медаль олжалады.


Осылайша Түркістан облысының спортшылары бір аптада Қазақстан чемпионаттарынан 17 медаль еншілеп, сенімді ақтады.