Түркістандық тұрғындар сапалы ауыз сумен қамтылады

0
688

Жаңа мектеп те салынады.


Түркістандық тұрғындар сапалы ауыз сумен қамтылады

Келесте ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүріп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Келес ауданында «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде ауданға қарасты Бозай елді мекені тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстарына қажетті ПСД жасалып, сараптау комиссиясынан өтіп, Келес аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тапсырылған. Ендігі кезекте Республикалық немесе облыстық бюджеттен қаржы қарау кезеңіне келіп тұр.

Жалпы бұл ауылдық округіндегі 661 балаға білім беру үшін №59 Б.Момышұлы, №58 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектептер және №12 Наурыз бөбекжай бақшасы мен «Нұрай-2017» жекеменшік балабақша жұмыс істейді.

Алдағы уақытта Тентексайелді мекенінен 150 оқушы орынға арналған бастауыш мектеп құрылысы үшін СЖТ әзірленіп, ЖСҚ дайындау үшін аудандық құрылыс бөлімі тарапынан аудандық бюджеттен 793,546 мың тенге бөлдіру жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр.