Ақшалай сыйақы төленеді.
Төлеби ауданының 13 тұрғыны заңсыз сақталған аңшы қаруын полицияға өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2021 жылдың 20 сәуірінен бастап елімізде заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ дәрілерді және жарылғыш заттарды азаматтардан сатып алу акциясы өтуде.
Басты мақсаты - азаматтарда заңсыз сақталған қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді өтемді түрде қабылдау.
Қазіргі таңда барлық қалалық және аудандық ішкі істер бөлімдерінде азаматтар тапсырған атыс қаруының, жарылғыш заттардың, оқ-дәрінің техникалық жай-күйін анықтау мен оларды тапсырғаны үшін сыйақы белгілеу жөніндегі комиссия құрылды. Сонымен қатар полицейлер өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатындығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. НәтижесіндеТөлебиАПБ қызметкерлерітұрғындардан13 дана аңшы мылтығын қабылдады. Аталған қарулар бұған дейін есепке алынбаған.
Алдағы уақыттаерікті түрде тапсырылған әрбірқару-жарақ заттары үшін мемлекет тарапынан оның техникалық жай-күйіне байланыстыақшалай сыйақы төленеді.