Құрметті Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтары!
Түркістан облысында жалпыреспубликалық «халықтық заңгер» акциясы өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2018 жылдың 30 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен«Халықтық заңгер» жалпыреспубликалық акциясы өтеді.
Акцияның мақсаты – халыққа білікті, тегін заң көмегін көрсету.
Құрметті тұрғындар, Сіздерге кәсіби адвокаттар мен нотариустар, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметшілері оның ішінде, білім, денсаулық, еңбек, әлеуметтік көмек, ауыл шаруашылығы, жер салалары бойынша білікті де тәжірибелі мамандар құқықтық кеңестер беретін болады.
Өткізілетін күні: 30 қараша 2018 жылы, басталу уақыты - сағат 17:00.
Өткізілетін орны: Түркістан қаласы, Қызылорда тасжолы №35а үй, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Түркістан қаласы бойынша №1 филиалының ғимараты, «Алтын бұлақ» базарының жанында орналасқан.
Анықтама үшін телефондары: +7701-110-00-50.