Ит тістегеніне 1 жыл болған.
Түркістан облысында 14 жастағы жасөспірім құтырма дертінен көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысында ит тістегеннен кейін бір жылдан соң 14 жасар жасөспірім қайтыс болды. Өлімнің болжамды себебі-құтырма ауруы.
Марқұмның ата-анасының айтуынша, ит өткен жылдың мамыр айында ұлына шабуыл жасап, аяғын тістеп алған. Бірақ медициналық көмекке жүгінбей, өздері үйде емдген. Тек бір жылға жуық уақыт өткен соң жасөспірімде қорқыныш, үрей, дене температурасының жоғарылауы, сүйектер мен жарақат алған жердің ауырсыну, су ішу кезінде ауаның жетіспеушілігі және жалпы әлсіздік секілді клиникалық белгілер пайда болған. Келесі күні тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгініп, дәрігерлер оған сүйек ауруына қарсы емдеу тағайындаған.
Оған қарамастан баланың жағдайы нашарлап, бала бел тұсындағы ауруларға шағымдана бастайды. Баласына ем-дом іздеген ата-ана жеке клиникаларға ғана емес, дәстүрлі емес медицина өкілдеріне де жүгіне бастаған.
УДЗ өткеннен кейін жасөспірімде бүйректегі қабыну анықталып, соған сәйкес ем алған. Бірақ баланың жағдайы жақсармай, балада ентігу, гидрофобия, аэрофобия пайда болған.
Жағдайы күрт нашарлаған баланы 10 сәуірде жедел жәрдем көлігімен аудандық ауруханаға апарып, жұқпалы аурулар бөлімінде оған құтырма диагнозы қойылды. Сол күннен бастап барлық отбасы мүшелері медициналық бақылауға алынды. Алайда сегізінші сынып оқушысын аман алып қалу мүмкін болмай, келесі күні – 11 сәуірде көз жұмды.