Түркістандық жүргізуші полицейді көлікпен сүйреп кеткен (видео)

0
1 255

3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Түркістандық жүргізуші полицейді көлікпен сүйреп кеткен (видео)

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында полиция тәртіп сақшысын 30 метр қашықтыққа сүйреген жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған Жетісай ауданында орын алғае. Жергілікті тәртіп сақшылары көшелердің бірінде патрульдеу кезінде терезесі қараңғыланған автокөлікті тоқтатып, патрульдік қызмет инспекторы, полиция майоры Ертау Саурамбаев автокөлік терезесін қараңғылаудың заңға қайшы екенін түсіндіріп, "Көлік құрадарын пайдалану ережелерін бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырған. Аталған бапқа сәйкес көлік иесі 5 айлық есептік көрсеткіш (14,5 мың теңге немесе 4 доллар) көлемінде айыппұл төлеуге тиіс болған.

"Тәртіп сақшысы автомобиль иесінен көліктегі қараңғылайтын қабыршақты алып тастауды сұраған кезде жүргізуші талапқа бағынбай, жасырынбақ болған. Адам өміріне төнген қауіпке қарамастан, құқық бұзушы полиция қызметкерін автокөлікпен 30 метр қашықтыққа сүйрей жөнелген. Мұның барлығы патрульдік полицейдің бейнежетонына түсіп қалған", - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.


Нәтижесінде полиция Қылмыстық кодекстің 380-бабының 1-бөлімі – "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл бап 3 000 АЕК (8,7 миллион теңге немесе 20 мыңнан астам доллар) көлемінде айыппұл төлеуді немесе үш жылға бас бостандығын шектеуді немесе дәл осы мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Заңға қайшы әрекет жасаған азаматтың көлігі айып тұрағына қойылып, істің мән-жайы анықталу үстінде.