4 қаңтарда Түркістаннан "Түркістан-Шымкент" бағыты бойынша бірінші пойыз шығады.
ERNUR.KZ. 2019 жылы 4 қаңтарда Түркістаннан "Түркістан-Шымкент" бағыты бойынша бірінші пойыз шығады, деп жазады Tengrinews.kz "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы бағыттағы пойыздар аптасына екі рет (дүйсенбіде және жұмада) шығады. Жолда пойыздар 2 сағат 15 минут жүреді. Пойызда 175 орын бар, заманауи жылыту жүйесімен қамтылған, ауаны желдетіп отырғатын және көтергіш құрылғы мен арбада отыратын мүгедек жандарға арналған орындармен қамтылған.
Баспасөз қызметінің өкілдері пойыздардың шығуын Шымкентке республикалық маңызы бар қала дәрежесінің берілуімен және Түркістан облысының құрылуымен байланыстырады. Бірінші состав 2019 жылы 4 қаңтарда Түркістан вокзалынан шығады.