Түркістанның әкімі құрылыс қалдықтарын тазартуды тапсырды

0
478

Жол жиегін көгалдандыру, ағаштар мен көгалдар егу бойынша нақты ұсыныстар күтетінін атап өтті.


Түркістанның әкімі құрылыс қалдықтарын тазартуды тапсырды

Түркістан қаласының әкімі құрылыс нысандарын аралап, атқарылған жұмыс барысын тексерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков жауапты бөлім басшыларымен бірге қаладағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, атқарылған жұмыс барысын көрді. Шаһар басшысы көпқабатты тұрғын үй құрылыстарының сапасына ерекше назар аударды. Қазіргі таңда облыc орталығында 7,9 және 12 қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүруде. Нұрбол Әбдісаттарұлы үйлерді аралау барысында тұрғындар қуанышы үшін берілетін үйлерден ешқандай кемшілік шықпауы тиістігін ескертті. Сондай-ақ, жұмысты ширатуды да айта өтті. Бұл ретте, жұмысшы санын көбейту мәселесі де қозғалып, тиісті жұмыстар жүргізу тапсырылды.


Қала әкімі «Яссы» мөлтек ауданында абаттандыру жұмыстары жүретін «Тұран» саябағы аумағына да ат басын бұрып, тиісті бөлім басшысына жиылған құрылыс қалдықтарын тазартуды жүктеді.


Нұрбол Әбдісаттарұлы жол жиегін көгалдандыру, ағаштар мен көгалдар егу бойынша қысқа мерзімде нақты ұсыныстар күтетінін атап өтті. Қажетінше, қала экологиясын жақсартып, қаланы жасыл желекке бөлейтін жұмыстар тұрғындар мен қонақтар үшін маңызды екеніне тоқталды.